Preview

БЛОГТЫҢ ИНТЕРНЕТ-ДИСКУРС ЖАНРЫ РЕТІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-3-137-150

Толық мәтін:

Аңдатпа

Қазіргі уақытта интернет арқылы жасалатын коммуникация өз қарқындылығымен, ақпарат ағынының шексіздігімен және жаппай қолданымдылығымен адам өмірінің ажырамас, маңызды бөлігіне айналды. Интернеттегі байланыс түрлері сан алуандығымен және берер түрлі мүмкіндіктерімен қоғамның барлық салаларын қамтып отыр. Интернет-коммуникацияның ең танымал жанрларының бірі – блог. Блог – бұл авторлар әртүрлі тақырыптар бойынша өз пікірлерін, идеяларын немесе түрлі ақпараттар мен жазбаларды жариялайтын, тұрақты жаңартылатын веб-сайт. Интернет-коммуникация қарапайым ақпаратты қараудан бастап, ғылыми деректерді іздеу, оларға түсініктеме беру, жеке мәліметтерді өңдеу мен енгізу сияқты сан алуан мәселелерді қамтуы мүмкін. Ресми тұлғалардың блогтары азаматтарға түрлі мәселелер бойынша ақпарат беруде, өтініштерге жауап беруде, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге өзіндік ықпалы бар. Бұл мақалада Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттік органдарының өзара әрекеттесуінің ресми алаңы – «Ашық диалог» порталындағы блогтардың жанрлық және стильдік ерекшеліктері қарастырылған. Зерттеудің мақсаты – қоғамдық пікірді қалыптастыру және адам санасына әсер ету құралы ретінде блог жазбаларын талдау. Зерттеу барысында ресми тұлға жазбаларына сандық және сапалық талдау қатар қолданылды. Аралас талдау түрі арқылы эксперимент жасалды. Блог жазбалары арнайы ақпараттық модель ретінде алынып, ресми тұлғалардың халықпен ақпараттық кеңістіктегі коммуникациясы, медиа мәдениеті, интерактивті белсенділігі аспектісі тұрғысынан қарастырылды. Жұмыста интернет-коммуникацияның бір жанры ретінде блог ерекшелігіне зерттеушілердің көзқарастары сараланды. Аталған жанрдағы ресми тұлғалардың жазбаларының стилі, құрылымы, мазмұны талданды. Сондай-ақ сандық технологияның интернет-дискурсы бойынша зерттеулердің нәтижесі берілді. Зерттеу әдістемесі ретінде аталған блог жазбаларын мазмұндық және құрылымдық тұрғыдан талдау негізге алынды. «Ашық диалог» порталы арқылы көрсетілгендей, ресми блогтар, азаматтармен тиімді өзара байланыс үшін формальды билік элементтері мен жеке, интерактивті дискурсты үйлестіретін гибридтік тәсілді қажет ететіні анықталды. Зерттеу нәтижелері интернет-дискурстың дамуын жан-жақты түсіндіру және болашақ зерттеулерде сандық қарым-қатынас табиғатын тану теориясын кеңейтеді. Бұл зерттеу ресми контент құрушыларға, лингвистерге, мемлекеттік қызметшілерге өз пайдасын тигізеді деп санаймыз.

Авторлар туралы

Н. Ж. Бекеевa
КИМЭП Университетi
Қазақстан

Нұрайша Жүсіпқызы Бекеевa, философия докторы (PhD)

Алматы қ.



А. Х. Азаматова
КИМЭП Университетi
Қазақстан

Ария Хазиевна Азаматова, философия докторы (PhD)

Алматы қ.



М. Р. Шегебаев
КИМЭП Университетi
Қазақстан

Маганат Рахимович Шегебаев, iскерлік әкімшілендіру докторы (DBA), доцент

Алматы қ. 



Әдебиет тізімі

1. Войскунский А.Е. Исследования Интернета в психологии. – Москва: Гендальф, 2002. – 235 с.

2. Гайфуллина А.Н. Гендерные особенности вербализации концепта мужчина в интернет-дискурсе: дис. … канд. филол. наук. – Казань, 2010. – 217 с.

3. Галичкина Е.Н. Компьютерная коммуникация: Лингвистический статус, знакомые средства, жанровое пространство. – Волгоград: Парадигма, 2012. – 322 с.

4. Горошко Е.И. Теоретический анализ Интернет-жанров. Жанры речи. Выпуск 5 «Жанр и культура». – Саратов: Издательский центр «Наука», 2007.

5. Дедова О.В. Лингвистическая концепция гипертекста: основные понятия и терминологическая парадигма // Вестник МГУ. Серия «Филология». – 2001. – №4. – С. 22-36.

6. Ескермесова Г.А. Қазіргі пунктуация: функциясы мен коммуникативтік-прагматикалық әлеуеті: док. PhD. ... дис. – Алматы, 2022. – 155 б.

7. Жұматаев Е. Әдеби тіл мен әлеуметтік желі: тіл бәсекелестігі мен әдеби тілдің қазіргі сипаты // Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ Хабаршысы. – 2018. – №1(122). – 50-57-бб.

8. Иванов В.Е. Интернет в формировании диалогического пространства в социокультурной среде // Мир психологии. – 2000. – №2.

9. Куркимбаева А.М. Туристік блогинг: коммуникативтік стратегиялар мен тактикалар (ағылшын және қазақ тілдері материалдары негізінде): PhD ... дис. – Алматы, 2021. – 214 б.

10. Курманбекова З. Тілдік қатынасты жүзеге асырудағы әлеуметтік желінің рөлі (қоғамдық сана және тіл мәдениеті мәнмәтінінде): PhD ... дис. – Астана, 2024. – 141 б.

11. ҚР Денсаулық сақтау министрі парақшасының қаратпа жазбасы // https://dialog.egov.kz/blogs/851968/welcome.

12. ҚР Ғылым және жоғары білім министрі парақшасының қаратпа жазбасы // https://dialog.egov.kz/blogs/6029312/welcome.

13. Сәрсеке Г. Компьютерге негізделген коммуникацияның лингвистикалық мінездемесі // Ш.Уәлиханов атындағы КМУ Хабаршысы. – 2019. – №4. – 100-105-бб.

14. Смағұлова Г.Н. Компьютер және ғаламтор дискурсы: термин мәселесі // Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ терминологиясы: конф. матер. – Астана, 2014. – 160-164-бб.

15. Ульянова М.А. Интернет дискурс как жанр электронной коммуникации // Филологические науки. 2011.

16. Юдина Т.В. Универсальные и специфические характеристики Интернета // Язык СМИ как обьект междисциплинарного исследования: уч. пос. – Москва: изд-во им. Ломоносова, 2003. – С. 401-407.

17. Ala-Kortesmaa, S., Laapotti, T., Mikkola, L. Narrative Start-up Identity Construction as Strategic Communication. A chapter in Start-up and Entrepreneurial Communication, 1st Edition (First Published 2024), Routledge, ISBN-9781003481171. (in English)

18. Maziashvili, M., Pleśniak, A., Kowalik, I. The digital communication tools and citizens’ relationship with local governments: a comparison of Georgian and Polish cities. International Review of Administrative Sciences, 2023, 89(2). Р. 555-576. https://doi.org/10.1177/00208523221079746 (in English)

19. Mele, E., Egberts, L. Exploring travel blogs on tourism and landscape heritage: representations of the Swiss Alps. Journal of Heritage Tourism, 2023, 18(6). Р. 785-806. https://doi.org/10.1080/1743873X.2023.2237617 (in English)

20. Nardi, B.A., Schiano, D.J., Gumbrecht, M. Blogging as Social Activity, or, Would You Let 900 million People Read Your Diary? 2004. URL: https://dl.acm.org/doi/10.1145/1031607.1031643 (in English)

21. Nowson, S. The language of weblogs: a study of genre and individual differences. PhD Thesis (Unpublished manuscript) [Text]. University of Edinburgh, 2006. 279 р. (in English)

22. Roger, E., Kinsela, A.S. Science communication is integral to attracting widespread participation in bushfire recovery citizen science. Front. Environ. 2023. Sci. 11:1156078. doi: 10.3389/fenvs.2023.1156078 (in English)

23. Shrader, A.M., Louw, I. Using a social media project as a way to get students to communicate conservation messages to the general public. Journal of Biological Education, 2021. 57(3). 484-494. https://doi.org/10.1080/00219266.2021.1924231 (in English)

24. Sutton, J., Renshaw, S.L., Butts, C.T. COVID-19: Retransmission of official communications in an emerging pandemic. September 16, 2020. https://doi.org/10.1371/journal.pone.0238491 (in English)


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Бекеевa Н.Ж., Азаматова А.Х., Шегебаев М.Р. БЛОГТЫҢ ИНТЕРНЕТ-ДИСКУРС ЖАНРЫ РЕТІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. TILTANYM. 2025;(3):137-150. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-3-137-150

For citation:


Bekeyeva N., Azamatova A.Kh., Shegebayev M.R. FEATURES OF THE BLOG AS A GENRE OF INTERNET DISCOURSE. Tiltanym. 2025;(3):137-150. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-3-137-150

Қараулар: 11


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)