МӘТІНДІ АВТОМАТТЫ ТАНУДЫҢ ФОНЕТИКАЛЫҚ ЖОЛДАРЫ
https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-4-155-163
Аннотация
Мақалада мәтінді автоматты танудың фонетика-фонологиялық жолдары мен үлгілері қарастырылып, қазақ тілінің фонематикалық принципі көрсетілген. Сондай-ақ қазақша мәтіндерді компьютерге икемдеуді алғаш рет сөз етіп, теориясын негіздеп, практикасын жүзеге асырып, іс жүзінде көрсетіп берген ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалған. Компьютерлік және ақпараттық технологиялар, жасанды интеллект бүгінгі күні заманның жаңа ағымына сай өзінің даму үдерісін тоқтатпай жаңару үстінде. Мұндай ақпараттық технологиялардың қатарына компьютерлер, смартфондар, гаджеттер т.б. жатады және бұл құрылғыларды барлық тұтынушылар күнделікті тұрмыста қолданады. Сол себепті де мәтінді автоматты тануды күннен-күнге жетілдіріп, жаңартып отыру қажет. Қазіргі кезде дыбыстарды автоматтандыру қазақ ғылымының жаңа бір қырын көрсетуде. Фонематикалық принцип жазба тілде ерекше маңызға ие. Бұл принципке сәйкес жазу жүйесінде бір фонема үшін әрдайым бір ғана графема қолданылуы қажет. Мұндай ұстаным жазуды бірізділікке келтіруге және оқуды жеңілдетуге мүмкіндік беретіні сөзсіз. Сол арқылы қазақ тілінің жаңа мүмкіндіктері қарастырылмақ. Мәтінді автоматты танудың негізгі нәтижелерін қазірдің өзінде кез келген оқырманның тілге қатысты алуан түрлі сұранысын өтеуге дайын Қазақ тілінің ұлттық корпусынан көруге болады.
Авторлар туралы
Н. ОспанғазиеваҚазақстан
Назгүл Оспанғазиева, докторант
Алматы қ.
А. Жалалова
Қазақстан
Акшай Жалалова, автор-корреспондент, философия докторы (PhD)
Алматы қ.
В. Аскароглу
Түркия
Веди Аскароглу, 3философия докторы (PhD), профессор
Гиресун қ.
Әдебиет тізімі
1. Базарбаева З. М. Қазақ фонологиясының негіздері. – Алматы: Everest, 2022. – 460 б.
2. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 б.
3. Бектаев К.Б. Жұбанов А.Қ., Мырзабеков С., Белботаев А.Б. М. Әуезовтің «Абай жолы» романының жиілік сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1979. – 336 б.
4. Бектаев Қ.Б., Жұбанов А.Қ., Мырзабеков С., Белботаев А.Б. М.О.Әуезовтің 20 томдық шығармалар текстерінің жиілік сөздігі. – Алматы-Түркістан, 1995. – 346 б.
5. Вартофский М. Модели. Репрезентация и научное понимание. – Москва: Прогресс, 1988. – 507 с.
6. Жаңабекова А., Қаршығаева А. Қазақ тілінің мәтіндер корпусындағы фонетикалық белгіленімдер әзірлемесі // Тілтаным. – №1. – 2019. – Б. 60-64.
7. Жұбанов Қ. Қазақ тілі бойынша зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1966. – 306 б.
8. Жұбанов А.Қ., Жаңабекова А., Қарбозова Б., Қожақметова А. Қазақ тілінің жиілік сөздігі. – Алматы: Қазақ тілі, 2016. – 789 б.
9. Жүнісбек Ә. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Абзал-ай, 2018. – 368 б.
10. Құрышжанов А.Қ., Жұбанов А.Қ., Белботаев А.Б. Құманша-қазақша жиілік сөздік. – Алматы, 1978. – 277 б.
11. Уәлиұлы Н., Фазылжан А., Күдеринова Қ. Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігі. – Алматы: Қазақ кітабы, 2019. – 744 б.
12. Chen X., Jin L., Zhu Y., et al. Text recognition in the wild: A survey. ACM Computing Surveys. Volume 54, Issue 2. No 42. 2021. P. 1-35.
13. Gupta N., Jalal A.C. Traditional to transfer learning progression on scene text detection and recognition: a survey. Artificial Intelligence Review Journal, Volume 55. 2022. P. 3457-3502.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Оспанғазиева Н., Жалалова А., Аскароглу В. МӘТІНДІ АВТОМАТТЫ ТАНУДЫҢ ФОНЕТИКАЛЫҚ ЖОЛДАРЫ. TILTANYM. 2024;96(4):155-163. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-4-155-163
For citation:
Ospangaziyeva N., Zhalalova А., Askaroğlu V. PHONETIC WAYS OF AUTOMATIC TEXT RECOGNITION. Tiltanym. 2024;96(4):155-163. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-4-155-163