Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

Шығыс Қазақстан облысы жер-су атауларының тілдік және тарихи ерекшелігі

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-1-35-42

Толық мәтін:

Аннотация

   Мақалада Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай, Алтай, Глубокий аудандары топонимдерінің тарихи-лингвистикалық ерекшелігі қарастырылады. Жер-су атауларын тарихи және тілдік тұрғыдан талдау арқылы адамзат дамуының тарихы мен қазіргі кезеңі номинация үдерісімен үздіксіз байланысты деген қорытынды жасалады. Жер-су атаулары лингвистиканың, географияның, тарихтың және мәдени антропологияның маңызды бөлігі ретінде кез келген аумақты зерттеудің негізгі элементі болып табылады. Топонимиканы зерттеу жергілікті атаулардың тарихи және географиялық эволюциясын қадағалап қана қоймай, сонымен қатар осы атауларға белгілі бір мағына беретін тұрғылықты халықтың мәдениетін, жеке басын және менталитетін түсінуге мүмкіндік береді. Топонимдер ежелгі тарихи оқиғаларды, мифтерді, діни түсініктер мен дәстүрлерді, табиғи орта ерекшеліктерін және т.б. көрсете алады. Сондықтан жер-су атауларын тілдік және тарихи тұрғыдан зерттеу сол аумақты мекен еткен жергілікті тұрғындар туралы әрі тарихи әрі лингвистикалық дерек алудың бірден-бір көзі болып саналады.

   Мақаланың басты мақсаты – негізгі сөздікке енбей қалған микротопонимдердің мәдени-семантикалық ерекшелігін қарастырып, тарихи-тілдік және аналитикалық-интерпретативті т. б әдістер негізінде талдау болып табылады.

   Мақалада кейбір атаулардың шығу төркіні патша өкіметі шенеуніктерінің жыл сайын жазылып отыратын әр түрлі ресми ақпараттарынан алына отырып, түсініктемесі беріледі. Тілдік бірліктерді тарихи тұрғыдан талдау жер-су атауларына анықтама беру, қазақ халқының ұлттық-рухани негізінің бейнесі, ұлттың генетикалық мәдени коды болып табылатындығы дәлелденеді.

Автор туралы

Ш. Б. Сейітова
Әлихан Бөкейханов университеті
Қазақстан

Шынар Ботайқызы Сейітова, филология ғылымдарының докторы, профессор

Семей



Әдебиет тізімі

1. Абдрахманов Ә.Ә. Топонимия және этимология. – Алматы, 1975. – 204 б.

2. Бияров Б. Жер-су атауларының сөзжасамдық үлгілері : монография. – Алматы: 2012. – 460 б.

3. Герасимов Б. Поездка из Семипалатинска на Рахмановские ключи. 1905 г. Иллюстрированный альбом. – Усть-Каменогорск: Наследие, 2011. – 193 с.

4. Добржанский Ф.Г., Лус Я., Войтяцкий Б.П., Колесник Н.Н., Медведев Н.Н. Домашние животные Семипалатинской губернии. Собрание статей. – Москва, 2011.

5. Жанұзақ Т., Рысберген Қ. Қазақ ономастикасы: жетістіктері мен болашағы. – Алматы: Азия, 2004. – 128 б.

6. Жартыбаев А. Орталық Қазақстан топонимиясының тарихи-лингвистикалық, этимологиялық және этномәдени негіздері: филол. ғылым. докт. ... автореф. – Алматы, 2006. – 44 б.

7. Қойшыбаев Е. Қазақстанның жер су аттары сөздігі. – Алма-Ата, 1985.

8. Мадиева Г. Ономастическое пространство современного Казахстана: структура, семантика, прецедентность, лемматизация. – Алматы, 2005. – 210 с.

9. Мадиева Г.Б., Иманбердиева С.Қ. Ономастика зерттеу мәселелері. – Астана: ЖШС «1С-Сервис», 2005. – 240 б.

10. Материалы по киргизскому землепользованию собранные и разработанные экспедицией по иcследованию степных областей. Семипалатинская область. Усть-Каменогорский уезд. Томь IX-й. С. – Петербургь Типография Товарищества «Общественная польза». Большая Подьяческая, 39. – 1905.

11. Материалы по обследованию хозяйства и землепользования киргиз Семипалатинской области. – Т. 2. Усть-Каменогорский уезд. Выпуск за 1911. – 19 с.

12. Мурзаев Э.М. Очерки топонимики. – Москва: Наука, 1974. – 382 с.

13. Никонов В. Введение топонимику. Изд. 2-ое. – Москва: Издательство: ЛКИ, 2011. – 184 с.

14. Нұрбаев А. Шығармалары: айтыстар, поэмалар, проза, арнаулар, естеліктер. – Алматы : Орхон, 2019. Т. 1.

15. Подольская Н.В. Типовые восточнославянские топоосновы (словообразовательный анализ). – Москва: Наука, 1983. – 160 с.

16. Тілеубердиев Б. Қазақ ономастикасының лингвоконцептологиялық негіздері. – Алматы: Арыс, 2007. – 280 б.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Сейітова Ш.Б. Шығыс Қазақстан облысы жер-су атауларының тілдік және тарихи ерекшелігі. TILTANYM. 2025;97(1):35-42. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-1-35-42

For citation:


Seitova Sh. Linguistic and historical features of place names of East Kazakhstan region. Tiltanym. 2025;97(1):35-42. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2025-1-35-42

Қараулар: 62


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)