Preview

TILTANYM

Кеңейтілген іздеу

ТАРИХИ ПОЭТИКАЛЫҚ ІШКОРПУС: ЕСКІ ҚАЗАҚ ПОЭТИКАЛЫҚ МӘТІНДЕР БАЗАСЫ

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-3-140-150

Толық мәтін:

Аннотация

Мемлекеттік тілдің ақпараттық-инновациялық базасы, ғылыми-зерттеу және оқыту интернетресурсы ретінде Қазақ тілінің ұлттық корпусының (бұдан әрі – ҚТҰК) «Тарихи поэтикалық ішкорпусын» әзірлеудің қажеттілігі зерттеудің өзектілігін көрсетеді. «Тарихи поэтикалық ішкорпус» мәтіндер базасына VI-XIX ғғ. жазба мұралар мәтіндері қамтылуы қажет. Алайда қазіргі «Тарихи поэтикалық ішкорпус» әзірлеудің алқашқы кезеңінде корпус базасына XV-XIX ғғ. ескі қазақ поэтикалық мәтіндері енеді. Бұл кезеңдегі жазба мұралар мәтіндері араб графикасымен жазылған. Жазба мұралар қолжазбаларының екі немесе бірнеше нұсқасы болады және қолжазба мәтіндерінің басым көпшілігі қазіргі таңда кирил графикасына түскен. Осындай мәтіндерді корпус базасына енгізбестен бұрын лингвотекстологиялық өңдеулер мен түзетулер жүргізіледі. Мақаланың мақсаты – өзге тілдердің поэтикалық корпус әзірлеу тәжірибесін зерттеу, араб графикалы және кирилграфикалы мәтіндерге лингвотекстологиялық талдау жасау, ҚТҰК-ның «Тарихи поэтикалық ішкорпус» мәтіндеріне метабелгіленім қою мәселесін қарастыру. Бұдан зерттеудің мынадай міндеттері келіп шығады: біріншіден, поэтикалық ішкорпус әзірлеуде өзге тілдердің корпус тәжірибелеріне талдау жасап, артықшылықтарын анықтау; екіншіден, арабграфикалы және кирилграфикалы мәтіндерді салыстырып, лингвотекстологиялық талдау жүргізу; үшіншіден, тарихи поэтикалық метабелгіленімдердің параметрлерін анықтау. Зерттеудің практикалық мәні. Тарихи поэтикалық жазба мұралар мәтіндерін цифрландырып, корпустық мәтіндер базасын әзірлеу – жаңа филологиялық, этнолингвистикалық білімдер жүйесін қамтамасыз етуге, ғылыми тілдік зерттеулер жасауға ықпал етеді.

Авторлар туралы

А. А. Сейітбекова
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
Қазақстан

Айнұр Аташбекқызы Сейітбекова - филология ғылымдарының кандидаты

Алматы қ.



Н. Елесбай
М. Әуезοв атындағы Әдебиет және өнер институты
Қазақстан

Нұржұма Елесбай - педагогика ғылымдарының магистрі

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. Бабалар сөзі: Жүз томдық. – Астана: Фолиант. – Т. 46: Ғашықтық дастандар, 2005. – 434 б.

2. Башкирский поэтический корпус [Электронный ресурс]. – URL: http://web-corpora.net/bashcorpus/search/ (дата обращения: 21.12.2023).

3. Жұбанов А. Қазақ әдеби тілінің электрондық корпусын түзудің теориялық бастаулары / Тіл және мәдениет: тілдің антропоөзектік парадигмасы. Профессор Ж.А. Манкееваның 60 жылдығына арналған республикалық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. – Алматы: А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, 2010. – 385 б.

4. Корчагин К. Поэтический подкорпус Национального корпуса русского языка как акцентологический источник, 2008 / Материалы международной конференции «Диалог 2008» [Электронный ресурс]. – URL: Қазақ тілінің ұлттық корпусын әзірлеу тәжірибесі / Жоба жетекшісі: Фазылжан А. – Алматы: ЖК Асыл, 2023. – 446 б.

5. Орехов Б.В. Еще раз об исследовательском потенциале поэтического корпуса: метр, лексика, формула / Труды Института русского языка им. В.В. Виноградова, 2015, Вып. 6. – С. 449-463.

6. Орехов Б.В. Метр отрезков длиннее строки в башкирском силлабическом стихе. Известия RAN. Серия Литературы и языка, 2019, 78(2). – C. 41-50. Өміралиев Қ. XV-XIX ғасырлардағы қазақ поэзисының тілі. – Алматы: Ғылым, 1976. – 82 б.

7. Парсы тілінің поэтикалық корпусы [Электронный ресурс]. – URL: https://linghub.ru/persian_poet_corpus/# (дата обращения: 21.12.2023).

8. Плунгян В.А., Корчагин К., Гришина Е., Ситчинава Д. Национальный корпус русского языка: 2006-2008. Новые результаты и перспективы. СПб., 2009. – C. 71-113.

9. Поэтический корпус русского языка [Электронный ресурс]. – URL: https://ruscorpora.ru/corpus/poetic?search=CgQyAggJMAE= (дата обращения: 19.12.2023).

10. http://www.dialog-21.ru/dialog2008/materials/pdf/Korchagin.pdf. (дата обращения: 19.12.2023).

11. Сыздық Р. Қазақ тілінің анықтағышы (емле, тыныс белгілері, сөз сазы). – Астана: Елорда, 2000. – 532 б.

12. Сыздықова Р. Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы. – Алматы: Ғылым, 1970. – 173 б. Һәмраев А. Нәзәрийвий нуқта вәбәдиий тәсәвур. – Бишкек, 2002. – 130 б.

13. Чех тілінің поэтикалық корпусы, [Электронный ресурс]. – URL: https://sysblok.ru/philology/resursy-dljacifrovyh-stihovedov-pojeticheskie-korpusa/ (дата обращения: 21.12.2023).


Қосымша файлдар

1. Тақырыпсыз
Тақырыбы
Тип Өзгесі
Жүктеу (B)    
Метадеректер ▾

Рецензия

Дәйектеу үшін:


Сейітбекова А.А., Елесбай Н. ТАРИХИ ПОЭТИКАЛЫҚ ІШКОРПУС: ЕСКІ ҚАЗАҚ ПОЭТИКАЛЫҚ МӘТІНДЕР БАЗАСЫ. TILTANYM. 2024;(3):140-150. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-3-140-150

For citation:


Seitbekova A., Yelesbai N. HISTORICAL POETIC SUBCORPUS: DATABASE OF OLD KAZAKH POETIC TEXTS. Tiltanym. 2024;(3):140-150. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2024-3-140-150

Қараулар: 227


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)