Preview

XV-XVIII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ПРАГМАСТИЛИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-4-28-36

Толық мәтін:

Аннотация

Лингвистиканың бүгінгі ғылыми парадигмасында көркем мәтінді зерттеу көркемдік тұжырымдама арқылы жүзеге асырылады. Мұндай концепцияда сөздің семантикасы жеке және ұлтқа ортақ қарастырылады. Бұл көркем мәтін авторының сөз қолданысындағы эмоционалды-экспрессивтіліктің басымдығын, сонымен қатар бағалау категориясының болуын анықтайды. Бұл мәдениет пен тілдің байланысын анықтайтын сана бірлігі ретінде танылады.

Мақалада жыраулар поэзиясының функционалды прагматикалық қасиеттері, эстетикалық функциясы қарастырылады. Бұл автор мен оқырман арасындағы байланысты орнатуға мүмкіндік беретін қабылдау, түсіну, талдау сияқты күрделі ойлау процестері туралы ақпарат алмасатын кеңістік.

Жыраулар поэзиясын талдау кезінде олардың халықтың жай-күйін сынмен сараптап жеткізуге ұмтылуы, адресатқа әсер ету мақсатында қолданылған тілдік құралдары, жыраулардың бейнесін әсер етуші тұлға ретінде көрсетуге мүмкіндік береді. Прагмастилистикалық тұрғыдан жүйелеу жыраулардың тілдік қолданыстарының ортақ ерекшеліктерін айқындайды. Мұндай тілдік құралдардың қолданыс жиілігі мен айқындығы, ішінара ерекшеліктері автордың стильдік сипатын қамтиды. Сол себепті де жырау поэзиясына тән ортақ сипаттарды прагматикалық және стилистикалық тұрғыдан жіктеп көрсету маңызды. 

Авторлар туралы

Қ. Ө. Есенова
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Қазақстан

Алматы



Б. Б. Сейітова
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Қазақстан

Алматы



Әдебиет тізімі

1. Leech G. (1983) Principles of pragmatics. London: Long – 1983. – р.134 .

2. Алефиренко Н.Ф. (2010). Лингвокультурология. Ценностносмысловоепространство языка. – Москва: Флинта, 2010. – 224 с.

3. Манкеева Ж.А. (2014 )Лингвостилистика – тілдік тұлғаны танудың басты көзі. Түркітану мен қазақ филологиясының дамуы: ғылыми мұра және ғалым феномені. – Алматы: Елтаным баспасы, 2014. – 380 б. Максименко Е. В. (2005).

4. Прагмастилистические аспекты рекламного дискурса (на материале текстов русской и английской коммерческой и научно-технической рекламы). Автореферат диссертации канд. филол. Наук. Волгоград: Изд-во Волгогр. пед.ун-та, 2005. 18 c.

5. Абылкасимов Б.Ш. (1984). Жанр толгау в казахской поэзии. – Алма-Ата: Наука, 1984.

6. Негимов С. (1991) Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі. – Алматы: Ғылым. 1991. – 200 б.

7. Сыздық Р. (2014). Қазақ әдеби тілінің тарихы (ХV-ХІХ ғасырлар): Көптомдық шығармалар жинағы. – Алматы: «Ел-шежіре», 2014.

8. Өмірәлиев Қ. (1983). Қазақ поэзиясының жанры мен стилі. - Алматы, 1983. – 216-237 б Әлкебаева Д. (2008). Қазақ тілінің прагмастилистикасы: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 258 б.

9. Жеті ғасыр жырлайды: екі томдық. (2021). – Алматы: Жазушы, 2021. 1-том. – 496 б.

10. Кузьменко С.А. (2006). Лингвопрагматические свойства конвергенции стилистических средств: автореф. дис. ... канд. филол. наук / С.А. Кузьменко. – Ставрополь, 2006. – 24 с.

11. Уәли Н. (2007). Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері: фил.ғыл.док..дисс. – Алматы, 2007. – 328 б.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Есенова Қ.Ө., Сейітова Б.Б. XV-XVIII ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ПРАГМАСТИЛИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. TILTANYM. 2023;92(4):28-36. https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-4-28-36

For citation:


Yessenova K.U., Seуitova B.B. PRAGMASTILISTIC FEATURES OF ZHYRAU POETRY OF THE XV-XVIII CENTURIES. Tiltanym. 2023;92(4):28-36. (In Kazakh) https://doi.org/10.55491/2411-6076-2023-4-28-36

Қараулар: 276


ISSN 2411-6076 (Print)
ISSN 2709-135X (Online)